ӘЧ жұлдызы атанған қақпашы мансабын «Коло-Колоде» жалғастырады

Бегасыл Амирбай ··
«Коло Коло» ФК

«Коло Коло» ФК

Чилидің «Коло-Коло» клубы Кабо-Верде құрамасының 40 жастағы қақпашысы Возиньямен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.

Клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялады. Transfermarkt мәліметінше, жаңа келісімшарт 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында Возинья Кабо-Верде құрамасының барлық төрт кездесуіне қатысып, сенімді ойынымен турнирдің басты жаңалықтарының біріне айналды. Әлем чемпионатынан кейін қақпашының Instagram желісіндегі жазылушылар саны 29 миллионға дейін өсті. Кабо-Верде құрамасы жарысты 1/16 финалда аяқтап, Аргентинаға 2:3 есебімен есе жіберді.

Өткен маусымды Возинья Португалияның «Шавиш» клубында өткізді. Ол барлық турнирлерде 19 матчқа қатысып, алты кездесуде қақпасына гол жібермеді.

«Коло-Коло» — Чилидің 34 дүркін чемпионы және Либертадорес кубогының иегері. Команда 17 турдан кейін ел чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап келеді.

ӘЧ жұлдызы атанған қақпашы мансабын «Коло-Колоде» жалғастырады – sport-hub