Аделина Земс Азия рейтингінде үздік төрттікке енді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: instagram_adelinazems

Фото: instagram_adelinazems

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Шымкентте өткен Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнирден кейін Азия рейтингіндегі орнын жақсартты.

Өз еліндегі жарыста Земс 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 55,69 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл оның жеке мансабындағы ең үздік көрсеткіш болып тіркелді және Азияның биылғы маусымдағы рейтингінде төртінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда рейтингте қазақстандық спортшыдан Қытай өкілдері Мо Цзяди мен Конг Баоцзюнь, сондай-ақ жапониялық Юки Танака ғана алда тұр.

Айта кетейік, Аделина Земс жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, эстафеталық жарыста жабық кешендегі Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы және 2023 жылғы Азия ойындарының аралас эстафетасындағы қола жүлдегері.

Аделина Земс Азия рейтингінде үздік төрттікке енді – sport-hub