Қазақстан Қосановты еске алу турнирінің алғашқы күнінде 30 медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы Шымкентте өтіп жатқан Qosanov Memorial халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күнін сәтті өткізіп, 30 медаль жеңіп алды.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 7 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль еншіледі.
Алтын медаль иегерлері:
Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 55,69);
Вячеслав Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 50,90);
Ефим Тарасов (400 метр – 47,43);
Аяна Болатбекқызы (1500 метр – 4:19,43);
Мария Ефремова (ұзындыққа секіру – 6,01 м);
Максим Балабин (сырықпен секіру – 5,20 м);
Әйелдер арасындағы 4×100 метрлік эстафетадағы «Қазақстан-3» командасы (Кристина Миньковская, Мария Щипачёва, Анастасия Кононович және Елизавета Якименко).
Күміс жүлдегерлер:
Анастасия Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 59,66);
Виктория Ан (100 метр – 11,97);
Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру – 5,91 м);
Иван Товченик (сырықпен секіру – 5,10 м);
Ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетадағы «Қазақстан-1» командасы (Иван Тетерин, Алмат Төлебаев, Данил Сутжанов және Руслан Курманалиев).
Қола жүлдегерлер:
Екатерина Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру – 1:00,30);
Александра Залюбовская (400 метр – 55,73);
Эльнор Мұхитдинов (400 метр – 47,52);
Ақбаян Нұрмамбет (1500 метр – 4:25,59);
Игорь Хрунин (1500 метр – 3:48,03);
Арина Мишеева (100 метр – 12,24);
Алмат Төлебаев (100 метр – 10,88);
Алина Чистякова (ұзындыққа секіру – 5,91 м);
Данил Полянский (сырықпен секіру – 4,80 м);
Иван Иванов (ядро лақтыру – 18,67 м);
Ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетадағы «Қазақстан-2» командасы;
Әйелдер арасындағы 4×100 метрлік эстафетадағы «Қазақстан-3» командасы.
Айта кетейік, XXXV Qosanov Memorial халықаралық турнирі Шымкент қаласында World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясы аясында өтіп жатыр. Жарыс 1 шілдеде мәресіне жетеді.