Шымкент халықаралық жеңіл атлетика турнирін қабылдайды

Бегасыл Амирбай ··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

30 маусым мен 1 шілде күндері Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Гұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді.

Qosanov Memorial жарысы World Athletics ұйымының Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне кіреді және халықаралық маусымның кезеңдерінің бірі болып саналады.

Биылғы жарысқа 11 елден шамамен 250 спортшы қатысады, олардың ішінде Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар. Турнир бағдарламасына 27 жеке дисциплина және төрт эстафета енгізілген.

Айта кетейік, Гусман Косанов 1960 жылы Рим қаласында өткен Олимпиада ойындарында 4×100 метрлік эстафетада күміс жүлде алған және Олимпиада тұғырына көтерілген тұңғыш қазақ спортшысы.

Шымкент халықаралық жеңіл атлетика турнирін қабылдайды – sport-hub