Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Гонконгте өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды. Оның ішінде бір алтын жүлде мен ел рекорды тіркелді.

Ұлттық құрамаға жалғыз алтын медальді Максим Сажнев әкелді. Қазақстандық спортшы диск лақтыру жарысында 60,45 метр нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Бұл көрсеткіш U20 жас санатындағы Қазақстанның жаңа рекорды болды.

Құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдесіне сырықпен секіруден Анна Черкашина және 4х400 метрлік эстафетада Қазақстанның әйелдер құрамасы қол жеткізді.

Қола медальдарды Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақ (онсайыс бойынша) жеңіп алды.

Осылайша Гонконгтегі жарысты қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс және төрт қола медальмен аяқтады.

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды – sport-hub