Аделина Земс Шымкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: @gubanofffjr

Фото: @gubanofffjr

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Шымкентте өтіп жатқан Qosanov Memorial халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында Земс 55,69 секунд нәтижесін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл сайыстағы жүлделі тұғыр түгелдей қазақстандық спортшыларға бұйырды. Анастасия Колода 59,66 секунд нәтижемен күміс медаль иеленсе, Екатерина Колода 1:00,30 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, XXXV Qosanov Memorial турнирі Шымкент қаласында World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясы аясында өтіп жатыр. Жарыс 1 шілдеде мәресіне жетеді.

Аделина Земс Шымкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды – sport-hub