Әділ Асқанбай бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: kazboxing
Қазақстандық боксшы Әділ Асқанбай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Әділ Асқанбай Өзбекстан өкілі Өткізбек Нозқосымовпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0) өзбекстандық боксшыға берді.
Еске салсақ, Әділ Асқанбай 2026 жылдың наурыз айында Черногорияда өткен халықаралық «Әлем кубогы» турнирінің жеңімпазы атанған болатын.
Финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде алты алтын және төрт күміс медаль бар. 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 16 шілдеде аяқталады.