Құралай Егінбайқызы Азия чемпионатының (U23) күміс жүлдегері атанды

Фото: boxingkazakhstan
Индонезияның Джакарта қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Құралай Егінбайқызы салды.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы бірден финалға өтті. Шешуші жекпе-жекте ол Өзбекстан өкілі Рухшона Парпиеваға қарсы шықты. Бірінші раундта қарсыласы басым түсті, ал екінші үш минуттық кезеңде де төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді.
Қорытынды раундта Егінбайқызы жекпе-жек барысын өзгерте алмады. Нәтижесінде жеңіс Парпиеваға бұйырып, қазақстандық спортшы турнирді күміс медальмен аяқтады.
Бұған дейін Қазақстанға тағы бір алтын медальді Шұғыла Налибай сыйлаған болатын. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Үндістан өкілі Мусканды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді түрде жеңіп, 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алтыншы чемпионы атанды.