Басты бет
·
Бокс

Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлжан Сәрсенбек өзбекстандық Хуморабону Мамажоноваға қарсы шықты. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді, ал Сәрсенбек турнирді күміс медальмен аяқтады.

Еске салайық, 2025 жылы Ұлжан Үндістанда өткен Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанған болатын. Қазіргі таңда финалдық жекпе-жектер қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын және екі күміс медаль бар.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада өтуде.

Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді – sport-hub