Басты бет
·
Бокс

Анита Адишева U23 Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық Анита Адишева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Анита Адишева өзбекстандық Гулсевар Ганиеваға қарсы шықты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңіс қарсыласына беріліп, Адишева турнирді күміс медальмен аяқтады.

Еске салайық, 2026 жылы Анита Адишева Хельсинкиде өткен GeeBee халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған болатын. Қазіргі таңда финалдық жекпе-жектер нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын және бір күміс медаль бар.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада өтуде. Турнирдің финалдық жекпе-жектері 15-16 шілде күндері өтеді.

Анита Адишева U23 Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді – sport-hub