Басты бет
·
Бокс

Айдана Убайдуллақызы U19 Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Айдана Убайдуллақызы Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Айдана Убайдуллақызы үндістандық Мега Шеокандпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің екіге бөлінген шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Айдана Убайдуллақызы 2026 жылы Бангкокта өткен «Future Cup» («Кубок будущего») халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада өтуде. U19 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15–16 шілде күндері өтеді.

Айдана Убайдуллақызы U19 Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды – sport-hub