Басты бет
·
Бокс

Камила Оспанова Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтынды әкелді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Камила Оспанова Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Оспанова Өзбекстанның қазіргі әлем чемпионы Мафтуна Янгиеваға қарсы шықты. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен (3:2) жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Камила Оспанова 2025 жылы Бахрейнде өткен Азия жасөспірімдер ойындарының чемпионы. Сондай-ақ оның еншісінде Бангкокта өткен «Болашақ кубогының» күміс жүлдесі бар.

Айта кетейік, бүгінгі күннің соңына дейін Қазақстан құрамасының спортшылары қатысатын тағы сегіз финалдық жекпе-жек өтеді.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Джакартада өтіп жатыр. U19 санатындағы финалдық жекпе-жектер 15–16 шілде күндеріне жоспарланған.