Басты бет
·
Бокс

Зарина Толыбай бокстан Азия чемпионатының алтыны үшін күресті жалғастырады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық Зарина Толыбай Джакартада өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты.

80 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде Зарина Толыбай Вьетнам өкілі Зи Гунх Анх Лемен кездесті. Алғашқы раундтың өзінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңісті тіркеді.

Осылайша, Толыбай Азия чемпионатының финалына жолдама алып, алтын медаль үшін бақ сынайды. Айта кетейік, ол бұған дейін Польшада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған.

Еске салсақ, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында 39 спортшы бар.

Зарина Толыбай бокстан Азия чемпионатының алтыны үшін күресті жалғастырады – sport-hub