Басты бет
·
Бокс

Айсулу Мұхит Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық Айсулу Мұхит Джакартада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айсулу Мұхит Рушанабону Исоеваға қарсы кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті өзбекстандық спортшыға берді.

Осылайша, Мұхит Азия чемпионатындағы өнерін қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының сапында 39 спортшы бар.