Қазақстандық Жұмакан Индонезиядағы бокстан Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Фото: kazboxing
Қазақстандық боксшы Мадира Жұмакан Джакартада өткен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мадира Жұмакан үндістандық Гунжанмен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті 5:0 есебімен үндістандық спортшыға берді.
Нәтижесінде Жұмакан Азия чемпионатындағы жарысын қола медальмен аяқтады. Еске салайық, биыл наурыз айында ол Черногорияда өткен әлем кубогының жеңімпазы атанған болатын.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының сапына 39 спортшы енген.