Асылхан Көшербай Азия чемпионатының ширек финалында жарысты аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Асылхан Көшербай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Асылхан Көшербай үндістандық Вансажбен кездесті.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы әр раунд сайын қарқынын үдеткенімен, шешуші сәттерде қарсыласы дәлірек жұдырықтасып, басымдық танытты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен үндістандық боксшыға берді. Осылайша, Асылхан Көшербай жарысты ширек финалда аяқтады.

Еске сала кетейік, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр. Додаға 26 елден 400-ден астам былғары қолғап шебері қатысуда. Қазақстан құрамасының сапында 39 боксшы бақ сынап жатыр.

Асылхан Көшербай Азия чемпионатының ширек финалында жарысты аяқтады – sport-hub