Қазақстандық боксшы қарсыласын ойсырата жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бөлісу

Фото: kazboxing
Бексұлтан Боранбек Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкілі Ужу Жангпен қолғап түйістірді.
Үш раунд бойы жекпе-жекті толық бақылауында ұстаған Бексұлтан Боранбек төрешілердің бірауыздан шығарған 5:0 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті. Осы нәтижемен қазақстандық жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Еске салайық, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының сапында 39 боксшы бар.