Нұрасыл Төлебек 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрасыл Төлебек Қырғызстан өкілі Амантур Жұмаевпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек жоғары қарқында өтті. Екі боксшы да үш раунд бойы бір-біріне жиі соққы жасап, белсенді өнер көрсетті. Алайда қазақстандық спортшының соққылары дәлірек әрі нәтижелі болып, төрешілердің 4:1 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының сапында 39 боксшы бар.

Нұрасыл Төлебек 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты – sport-hub