Камила Оспанова бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдесін қамтамасыз етті

Фото: kazboxing
Қазақстандық Камила Оспанова Джакартада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Камила Оспанова Оңтүстік Корея өкілі Мина Жангпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Осылайша, Оспанова Азия чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін бақ сынайды. Еске сала кетейік, ол 2025 жылы Бахрейнде өткен Азия жасөспірімдер ойындарының чемпионы.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының сапында 39 спортшы бар.