Айдана Убайдуллақызы қырғызстандық қарсыласын жеңіп, бокстан Азия чемпионатының финалына шықты

Фото: kazboxing
Қазақстандық Айдана Убайдуллақызы Джакартада өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
80 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Убайдуллақызы қырғызстандық Мирим Чинбековамен кездесті. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңісті тіркеді.
Осылайша, Убайдуллақызы Азия чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін сынға түседі.
Еске салсақ, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында 39 спортшы бар.