Басты бет
·
Бокс

Гүлназ Бөрібаева Азия чемпионатының финалында айқын жеңіске жетті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық Гүлназ Бөрібаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Гүлназ Бөрібаева Моңғолия өкілі Содон-Од Биндерияға қарсы шықты. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Еске салайық, Гүлназ Бөрібаева 2025 жылы Ташкентте өткен U22 Азия чемпионатында қола жүлдегер және чемпион атанған.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада өтуде.