Зарина Толыбай U19 Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: kazboxing
Қазақстандық Зарина Толыбай Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Зарина Толыбай үндістандық Пречи Токаспен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің екіге бөлінген шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.
Еске салайық, Зарина Толыбай Польшада өткен Silesian Women's Tournament халықаралық турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы болып табылады.
19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада өтуде. U19 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15-16 шілде күндері өтеді.