Басты бет
·
Бокс

Азиза Исина Қазақстанға Азия чемпионатының бесінші алтынын әкелді

Аружан Талғат··
Фото: boxingkazakhstan

Фото: boxingkazakhstan

Индонезияның астанасы Джакарта қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан жастар Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Азиза Исина салды.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Райхона Құрбонбоеваға қарсы шықты. Алғашқы екі раундтың қорытындысы бойынша төрешілер екі рет те аз ғана басымдықты қарсыласына (3:2) берді. Алайда Исина сағын сындырмай, шешуші үш минуттық кезеңде жекпе-жек барысын өз пайдасына өзгерте алды. Ол қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңісті жұлып алды және Қазақстан құрамасына 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының бесінші алтын медалін сыйлады.

Бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі Ұлжан Сәрсенбек турнирдің күміс жүлдегері атанды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол өзбекстандық Хуморабону Мамажоноваға жол берді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына беріп, Сәрсенбек жарысты күміс медальмен аяқтады.

Азиза Исина Қазақстанға Азия чемпионатының бесінші алтынын әкелді – sport-hub