Шұғыла Нәлібай Қазақстанға Азия чемпионатының алтыншы алтынын әкелді

ҚБФ
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан жастар Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда. Команда қоржынына кезекті алтын медальді 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Шұғыла Нәлібай салды.
Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Мусканмен кездесті. Нәлібай алғашқы секундтардан бастап басымдықты өз қолына алып, бірінші раундты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) сенімді түрде жеңді.
Екінші раундта да Шұғыла жекпе-жек барысын толық бақылауда ұстап, төрешілерден қайтадан ең жоғары бағаларды алды. Қорытынды үш минуттық кезең де қазақстандық спортшының пайдасына шешіліп, ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті және 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алтыншы чемпионы атанды.
Бұған дейін Қазақстанның алтыншы алтынына жол ашқан Азиза Исина болды. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Өзбекстан өкілі Райхона Құрбонбоеваға қарсы шығып, жеңіске жетті. Алғашқы екі раундтан кейін төрешілер аз ғана басымдықты қарсыласына бергенімен, Исина жекпе-жек тағдырын өзгертіп, соңғы раундта нокдаун жасап, жеңісті жұлып алды.