Басты бет
·
АО-2026

Әділет Алмат Азия ойындарының финалында жеңіліп, күміс медаль иеленді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Нургали Жумагазы

Фото: Нургали Жумагазы

Әділет Алмат 2026 жылғы Азия ойындарында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Финалда қазақстандық дзюдошы жарыс қожайыны Сотаро Фудзиварамен белдесті. Жапониялық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетіп, Әділет Азия ойындарындағы дебютін күміс жүлдемен аяқтады.

Турнир барысында Әділет үш жеңіске жетті. 1/8 финалда қырғызстандық Тегин Алмазжан уулудан, ширек финалда моңғолиялық Оюунчимэг Шинэбаярдан басым түсті. Ал финалға шығу жолындағы белдесуде тәжікстандық Абубакр Шеровты жеңді.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның орталығы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.