Қазақстандық дзюдошы Азия ойындарында қола жүлдеге жете алмады

Фото: Нургали Жумагазы
Дана Абдирова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медальдан бір қадам жерде қалды.
57 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық дзюдошы КХДР өкілі Ким Хён Амен кездесті. Жеңісті қарсыласы иеленіп, Дана Абдирова жеке турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Абдирова Азия ойындарындағы алғашқы белдесуінде Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Цзыюньді «юко» бағасымен жеңді. Ширек финалда өзбекстандық Шукурджон Аминоваға иппон әдісімен есе жіберді. Кейін жұбаныш белдесуінде қытайлық Тао Юйинді жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның орталығы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.