Басты бет
·
АО-2026

Батырбеков финалда жеңіліп, Азия ойындарында джиу-джитсудан күміс медаль алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Нұржан Батырбеков Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында джиу-джитсудан күміс жүлдегер атанды.

69 келіге дейінгі салмақтағы финалда қазақстандық спортшы БАӘ өкілі Ахмед Андеезбен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Батырбеков финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Қазақстандық спортшы БАӘ өкілі Омар Әл-Фадзлиді (5:0), оңтүстіккореялық Ли Джэ Ёнды (8:2), филиппиндік Марк Александер Лимді (4:2) және сингапурлық Ноа Тиан Рун Лимді (7:0) ұтты.

Бұл Батырбековтің Азия ойындарындағы қатарынан екінші медалі. Ханчжоуда өткен алдыңғы додада ол алтын жүлде иеленген.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.