Күлүмбетова Азия ойындарында қола жүлде үшін белдеседі

Фото: Сали Сабиров
Жібек Күлүмбетова Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңілгеніне қарамастан, жүлде үшін күресін жалғастырады.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Таиланд өкілі Мию Судзукиді сенімді жеңді. Күлүмбетова ауырту әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Финалға шығу үшін ол БАӘ спортшысы Алдануд Әлхарбимен кездесті. Бұл жолы қарсыласы 7:0 есебімен ұпай санымен жеңіске жетті. Дегенмен Күлүмбетова үшінші орын үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, ақпан айында Күлүмбетова 48 келіге дейінгі салмақтағы Genoa Open Grand Prix турнирінде жеңімпаз атанды. Көктемде қазақстандық спортшы Саньяда өткен Азия жағажай ойындарында өнер көрсетіп, қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалған.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.