Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында жартылай финалға шықты

Ажар Асхат. Фото: Нургали Жумагазы
Бірден үш қазақстандық спортшы Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы дзюдо турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова ширек финалда оңтүстіккореялық Ким Джисуды 3 минут 16 секундта иппонмен жеңді. Азия ойындарының 2023 жылғы қола жүлдегері финалға шығу үшін жапониялық Наруми Таниокамен кездеседі.
81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат моңғолиялық Оюунчимэг Шинэбаярды «ваза-ари» бағасымен жеңді. Азияның қазіргі чемпионы жартылай финалда тәжікстандық Абубакр Шеровпен белдеседі.
Ал Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақта Қытай Тайбэйінің өкілі Ляо Юйжунды қосымша уақытта жеңіп, жартылай финалға шықты.
57 келіге дейінгі салмақта Дана Абдирова ширек финалда өзбекстандық Шукуржон Аминовадан жеңілгеннен кейін жұбаныш кезеңінде өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қытайлық Тао Юйинді жеңіп, енді қола медаль үшін белдеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.