Басты бет
·
АО-2026

Евлоев қола медаль үшін ирандық балуанмен күреседі

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Владислав Семёнов

Фото: Владислав Семёнов

Қазақстандық балуан Ислам Евлоев 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

97 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда қазақстандық балуан жапониялық Юри Наказатодан жеңілді. Жапониялық спортшы кездесуді мерзімінен бұрын 10:0 есебімен техникалық басымдығымен аяқтады.

Бұған дейін Евлоев турнирді сәтті бастап, Қытай балуаны Ван Цзэганды 11:8 есебімен жеңген болатын. Жеңіліске қарамастан, қазақстандық балуан жүлде үшін күресін жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды. Үшінші орын үшін белдесуде Евлоев ирандық Мехди Балихамзехдехпен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Евлоев қола медаль үшін ирандық балуанмен күреседі – sport-hub