Джиу-джитсу: Батырбеков Азия ойындарының финалына шықты

Нұржан Батырбеков. Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық джиу-джитсуші Нұржан Батырбеков 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты.
69 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Батырбеков Сингапур өкілі Ноа Тиан Рун Лиммен кездесіп, 7:0 есебімен ұпай саны бойынша жеңіске жетті. Бұған дейін қазақстандық спортшы БАӘ өкілі Омар Әл-Фадзлиді (5:0), оңтүстіккореялық Ли Джэ Ёнды (8:2) және филиппиндік Марк Александер Лимді (4:2) жеңген.
Батырбеков финалда БАӘ спортшысы Ахмад Андеезге қарсы шығады. Биылғы маусымда эмираттық спортшы Paris Open Grand Prix турнирінде күміс жүлде иеленіп, шілде айында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.