Таранцева Азия ойындарында ескек есу слаломынан қола медаль алды

Фото: Нургали Жумагазы
Екатерина Таранцева әйелдер арасындағы бір орындық байдаркадағы слалом жарысында қатарынан екінші рет Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
2026 жылғы Азия ойындарының финалында қазақстандық спортшы қашықтықты 112,23 секундта жүріп өтіп, үшінші нәтиже көрсетті. Жапониялық спортшы 107,60 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанса, күміс жүлде 111,70 секунд көрсеткен қытайлық Чэнь Линьге бұйырды.
Таранцева алдыңғы Азия ойындарындағы нәтижесін қайталады. 2023 жылы Ханчжоуда өткен жарыста да ол қола медаль жеңіп алған. Ол кезде спортшы төрт айыппұл секундын қоса есептегенде, финалдық кезеңді 115,71 секундта аяқтаған. Ал бір жыл бұрын қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанған.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.