Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық джитсер Азия ойындарында қола жүлдеге таласта жеңіліп қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Абдулла Батырбек Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдеге бір қадам қалғанда тоқтады.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін болған белдесуде қазақстандық спортшы Сауд Арабиясының өкілі Абдулмалик Әл-Мурдхимен кездесті. Басымдық бойынша қарсыласы жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін 18 жастағы қазақстандық жартылай финалға дейін жетіп, онда БАӘ спортшысы Халед Әл-Шеххимен жолықты. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталғанымен, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс әмірлік спортшысына бұйырды.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.