Басты бет
·
АО-2026

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Нургали Жумагазы

Фото: Нургали Жумагазы

Эсмигүл Куюлова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленді.

63 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық дзюдошы Өзбекстан өкілі Мариона Нуруллаеваға қарсы татамиге шықты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Қосымша уақытта Куюлова «ваза-ари» әдісімен ұпай алып, қола жүлдеге ие болды.

Куюлова үшін бұл – Азия ойындарындағы қатарынан екінші қола медаль. 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да ол үшінші орын алған. Биылғы маусымда қазақстандық дзюдошы халықаралық жарыстарда екі рет жүлдегер атанды. Сәуірде Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алса, ақпанда Люблянадағы European Open турнирінде күміс жүлде иеленді.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның орталығы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды – sport-hub