Басты бет
·
Теннис

Алькарас Токиодағы ATP 500 турнирінің финалына шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Токиода өтіп жатқан ATP 500 турнирінің финалына жолдама алды.

ATP рейтингінде үшінші орында тұрған Алькарас жартылай финалда әлемнің 49-ракеткасы Хауме Муньярмен кездесті. Испаниялық теннисшілер арасындағы тартыста жеңімпаз үш сеттен кейін анықталды.

Муньяр алғашқы партияда күтпеген жерден 7:5 есебімен басым түсті. Алайда Алькарас кейін ойынын түзеп, қалған екі сетте қарсыласына мүмкіндік бермеді – 6:3, 6:1.

Теннисшілер кортта 2 сағат 33 минут өткізді. Осылайша Алькарас турнирдің финалына шықты.

Токио, ATP, жартылай финал:

Карлос Алькарас (Испания) – Хауме Муньяр (Испания) – 5:7, 6:3, 6:1

Финалда Алькарас Иржи Легечка мен Валантен Вашеро арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі.

Алькарас Токиодағы ATP 500 турнирінің финалына шықты – sport-hub