Алькарас төрт айлық үзілістен кейін US Open-дегі титулын қорғау үшін қайта оралады

Фото: Getty Images
Карлос Алькарас ұзақ үзілістен кейін маусымды қайта жалғастыруға дайын. Испаниялық теннисші чемпиондық атағын қорғауы тиіс US Open-2026 турниріне қатысатынын растады.
Алькарас өзінің оралатынын әлеуметтік желіде турнирдің символикасы аясында түскен суретін жариялау арқылы хабарлады.
«Кеттік!» – деп қысқа жазба қалдырған испаниялық теннисші кортқа қайта шығуға дайын екенін аңғартты.
Алькарас соңғы айларда бірде-бір ресми матч өткізген жоқ. Оң білегінен алған жарақатына байланысты сәуір айынан бері жарыстарға қатыспады. Осыған байланысты ол бірден «Үлкен дулығаның» екі турнирін – «Ролан Гаррос» пен Уимблдонды өткізіп алды.
Осылайша, US Open испаниялық теннисші үшін ұзақ уақыттық оңалтудан кейінгі алғашқы ірі турнир болады. Сонымен қатар Алькарасқа қысым жоғары болмақ. Ол Нью-Йоркте қазіргі чемпион мәртебесінде кортқа шығып, титулын қорғауға тырысады.