Александр Зверев «Ролан Гарростың» ширек финалына жолдама алды
Бөлісу

Фото: André Ferreira / FFT
Германиялық теннисші Александр Зверев «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің ширек финал кезеңіне жолдама алды. Төртінші айналымда Зверев нидерландтық Йеспер де Йонгты жеңді.
Кездесу 7:6 (7:3), 6:4, 6:1 есебімен Зверевтің пайдасына аяқталды. Матч 2 сағат 14 минутқа созылды. Ойын барысында Александр Зверев төрт эйс жасап, екі рет қосар қателік жіберді. Ал Йеспер де Йонг үш эйс орындап, төрт рет қосар қателікке жол берді.
Турнирдің ширек финалында германиялық теннисші испандық Рафаэль Ходармен кездеседі.
Францияның ашық чемпионаты жеңімпазы 7 маусым күні Париждегі Ролан Гаррос кешенінің корттарында анықталады.