Басты бет
·
АО-2026

Алексей Чуркин Азиадада күміс медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин 2026 жылғы Азия ойындарында 85 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.

Жұлқа көтеруде Чуркин 165, 170 және 173 келіні бағындырып, үшінші мүмкіндігінде әлемдік рекорд орнатты. Серпе көтеруде 201 және 205 келіні көтергенімен, соңғы талпынысында 208 келіні еңсере алмады.

Қазақстандық спортшы қос сайыстың қорытындысы бойынша 378 келі жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ол КХДР өкілі Кван Риол Родан 1 келіге қалып қойды. Солтүстіккореялық спортшы 379 келі (165+214) нәтижесімен алтын алды. Қытайлық Чэнь Шуннан 374 келі (163+211) көрсеткішімен қола жүлдегер атанды.

Бұл — Қазақстан құрамасының осы Азиададағы ауыр атлетикадан алған екінші медалі. Бір күн бұрын Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта 246 келі (109+137) нәтижесімен күміс медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуде.