Әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері БАӘ құрамасын басқарды

Фото: x_@CroatiaFooty
Хорватиялық маман Златко Далич БАӘ ұлттық құрамасының бас бапкері болып ресми тағайындалды.
Далич БАӘ құрамасының бас бапкері қызметінде мамыр айында қызметінен босатылған Космин Олэроюдің орнын басты. Румыниялық маман БАӘ құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі сәтсіз өнерінен кейін қызметінен кеткен болатын.
Далич биыл шілде айында Хорватия құрамасынан кеткен еді. Осылайша ол ұлттық құрамамен тоғыз жылдық жұмысын аяқтады. Оның жетекшілігімен хорваттар екі әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. 2018 жылы команда күміс медаль иеленсе, төрт жылдан кейін мундиальдің қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар Далич жаттықтырған Хорватия құрамасы 2022/23 жылғы Ұлттар лигасының финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде Испанияға пенальти сериясында жол берді.