Хорватия Златко Даличтің қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Хорватия футбол одағы ұлттық құраманың бас бапкері Златко Даличтің қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады.

59 жастағы маман құрамамен өткізген тоғыз жылға жуық кезеңін аяқтады. Федерация мәлімдемесінде оған хорват футболының дамуына қосқан үлесі мен халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін алғыс білдірілді.

«Қарапайым бастау. Ұмытылмас жол. Лайықты қоштасу. Жеңістеріңіз, жетістіктеріңіз, ірі турнирлерге жолдамалар, жеңіп алынған медальдар, команданың бірлігі, құрмет пен Хорватия құрамасына деген адалдығыңыз үшін рахмет. Сіздің нәтижелеріңіз өзіңіз үшін сөйлейді, ал ойыншылардың, жаттықтырушылар штабының және қарсыластардың құрметі – сіздің қандай адам және маман болғаныңыздың ең жақсы дәлелі», – делінген Хорватия футбол одағының мәлімдемесінде.

Далич Хорватия құрамасын 2017 жылдың қазан айында тізгіндеді. Оның жетекшілігімен команда 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, 2022 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, сондай-ақ 2023 жылғы Ұлттар лигасының финалына дейін жетіп, екінші орын алды.

Ұлттық құраманың тізгініндегі Далич үшін соңғы турнир 2026 жылғы әлем чемпионаты болды. Бұл додада хорваттар 1/16 финалға дейін жетіп, Португалия құрамасына 1:2 есебімен есе жіберіп, жарысты аяқтады.