Панама – Хорватия матчының үздік ойыншысы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Панама құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Хорватияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Панама құрамасы кездесуде Хорватиядан 0:1 есебімен жеңілгеніне қарамастан, матчтың ең үздік ойыншысы (MVP) панамалық футболшы деп танылды. Ол нәтижелі әрекеттерімен көзге түспесе де, ойында берген пастарының дәлдігі 71 пайызды құрады.

Екі турдан кейін L тобында Англия мен Гана төрт ұпайдан жинап, бірінші және екінші орындарды иеленіп тұр. Үш ұпайы бар Хорватия үшінші орында болса, ұпай еншілей алмаған Панама топ кестесінің соңында орналасқан.

Келесі турда Англия Панамамен кездессе, Гана Хорватиямен ойнайды. Екі матч та 28 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және турнир 19 шілдеде аяқталады.

Панама – Хорватия матчының үздік ойыншысы анықталды – sport-hub