Әлем чемпионатынан кейінгі резонанс: бапкерге медианың жауабы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: KBS

Фото: KBS

Оңтүстік Кореяның KBS телекомпаниясы жаңалық сюжеті мен баспасөз мәслихаты кезінде Оңтүстік Корея құрамасының бұрынғы бас бапкері Хон Мён Бодың бетін бұлдырлап көрсетті.

Осылайша телеарна ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз өнерінен кейін маманға сын білдірді. Әдетте мұндай эффект Оңтүстік Корея медиасында қылмыскерлерге немесе ірі жанжалға іліккен адамдарға қолданылады.

Еске салайық, Оңтүстік Корея құрамасы A тобында үшінші орын алып, әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шыға алмады. Турнирден кейін Хон Мён Бо бас бапкер қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Ол командада екі жыл жұмыс істеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.