Оңтүстік Корея президенті құрамаға тергеу жүргізуді талап етті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Оңтүстік Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалуына байланысты тергеу жүргізуге шақырды.

Құрама үш ұпаймен А тобында үшінші орын алып, 1/16 финалға шыға алмады. Топтық кезеңде команда Чехияны (2:1) жеңіп, кейін Мексикадан (0:1) және Оңтүстік Африка Республикасынан (0:1) жеңілді.

«Әлем чемпионатына қатысу азаматтардың салықтары есебінен үлкен қаржыны және ауқымды мемлекеттік қолдауды талап ететіндіктен, мәдениет, спорт және туризм министрлігінен болған жағдайдың мән-жайын мұқият зерттеп, себептеріне жан-жақты талдау жүргізуді, болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеуді және нақты реформалар жоспарын ұсынуды сұраймын», – деп жазды саясаткер әлеуметтік желілерде.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Топтық кезең қорытындысы бойынша турнирдің басты жүлдесі үшін күресті жалғастыратын барлық 32 құрама анықталды.