ОАР құрамасы Оңтүстік Кореяны сенсациялық түрде жеңіп, плей-оффқа шықты
Бөлісу

ФИФА
Футболдан Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Кездесу Гуадалупедегі «Эстадио BBVA» стадионында өтті. Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын 63-минутта ОАР құрамасының жартылай қорғаушысы Тапело Масеко соқты.
Үш турдың қорытындысы бойынша Мексика құрамасы 9 ұпаймен топ жеңімпазы атанса, 4 ұпай жинаған ОАР екінші орынмен плей-оффқа шықты. Оңтүстік Корея 3 ұпаймен үшінші орынға тұрақтаса, 1 ұпай еншілеген Чехия құрамасы турнирмен қоштасты.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.