Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп ӘЧ-ның плей-офф кезеңіне шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтып, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Кездесудегі жалғыз голды 50-минутта Луис Ромо соқты. Үзілістен кейін мексикалықтар өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, матч соңына дейін есептегі басымдығын сақтап қалды.

Допқа иелік ету жағынан Оңтүстік Корея басым болғанымен, Мексика құрамасы шабуылда әлдеқайда өткір ойнап, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Нәтижесінде бұл олардың жеңісіне алып келді.

Екі турдан кейін Мексика алты ұпаймен А тобында көш бастап, плей-оффқа шықты. Оңтүстік Корея үш ұпаймен екінші орында, ал Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасында бір ұпайдан бар.

Еске сала кетейік, топтық кезеңнің соңғы турында Мексика Чехиямен кездеседі, ал Оңтүстік Корея құрамасы ОАР-ға қарсы ойнайды.

Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп ӘЧ-ның плей-офф кезеңіне шықты – sport-hub