Әлем чемпионатының ашылу күні неміс жанкүйері көз жұмды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: GRUPPO REFORMA

Фото: GRUPPO REFORMA

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу күні Мехикодағы «Ацтека» стадионы маңында Германиядан келген 81 жастағы жанкүйер қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы матч кезінде болған.

Ole басылымының мәліметінше, жанкүйердің жағдайы аренаға жақын маңда кенеттен нашарлаған. Алдын ала ақпарат бойынша, оған жүрек талмасы себеп болған. Ер адам Ұлттық кардиология институтына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының ашылу матчында Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген еді.