Басты бет
·
ӘЧ-2026

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жұп анықталды

Бекарыс Әлімхан··
ФИФА

ФИФА

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды. Бұл кезеңде Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) мен Канада құрамалары кездеседі.

Матч 29 маусым күні Инглвуд қаласындағы «СоФай» стадионында өтеді.

ОАР құрамасы А тобында екінші орын алды. Соңғы турда африкалық команда Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, 4 ұпай жинады және өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Канада да В тобын 4 ұпаймен екінші орында аяқтады. Соңғы турда канадалықтар Швейцария құрамасына 1:2 есебімен жол берді.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық кезеңіне тарихта алғаш рет 48 құрама қатысуда. Финалдық матч 19 шілдеде өтеді.

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жұп анықталды – sport-hub