Алматы бесінші рет WTT Contender халықаралық турнирін қабылдайды

Фото: TTFRK
Алматы 1-6 қыркүйек аралығында бесінші рет үстел теннисінен WTT Contender халықаралық турнирін қабылдайды. Жарысқа 19 елден 100-ден астам спортшы қатысады.
Турнирдің жүлде қоры 100 мың долларды құрайды. Қатысушылар ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында, екі жұптық санатта және аралас жұпта жүлделерді сарапқа салады. Қазақстан құрамасының көшін Кирилл Герасименко бастайды. Ол 2025 жылы Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтыншы жарысында жекелей және командалық турнирлерде жеңімпаз атанған.
Қазақстаннан бөлек, жарысқа Германия, Үндістан, Испания, Италия, Йемен, Қытай Тайбэйі, Люксембург, Мексика, Нидерланд, Пуэрто-Рико, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Франция, Швеция, Эквадор, Корея Республикасы және Жапония құрамалары қатысады.
Айта кетейік, Алматы 2022-2025 жылдар аралығында WTT сериясындағы турнирлерді қабылдаған. Сондай-ақ 15-20 қыркүйек аралығында Астанада WTT Star Contender President’s Cup турнирі өтеді.