Қызылордада 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Фото: TTFRK
Қызылорда қаласында 2013 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қыздар арасындағы жекелей сында Шымкент қаласының өкілі Шохина Миркодирова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Түркістан облысынан Назерке Болатбек иеленді. Қола жүлдегерлер қатарында Шымкенттен Шодиёна Камилжанова мен Ақтөбе облысынан Тамирис Тимурқызы бар.
Ұлдар арасында Қазақстан чемпионы атанған Түркістан облысының спортшысы Абай Жұмағұл. Екінші орынды Қарағанды облысынан Олег Яковлев алды. Қола медальдарды Шымкент қаласының өкілдері Дулат Ералхан мен Нұржан Бақдәулет жеңіп алды.
Қыздар арасындағы жұптық сында Назерке Болатбек пен Адиля Альжанова жеңіске жетті. Ұлдар арасында алтын жүлдені Айдарбек Әлем би мен Ілхан Тлектас иеленді. Аралас жұптар сайысында бірінші орынды Айдарбек Әлем би мен Назерке Болатбек алды.
Қазақстан чемпионаты 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қызылордада өтті.