Қазақстандық теннисші Ташкенттегі турнирде жеңімпаз атанды

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстандық үстел теннисі құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі жас санатында үздік нәтиже көрсетті. Финалдық кездесуде Бекмұхамбетова үндістандық Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Назерке Болатбек 13 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсекеде ширек финал кезеңіне дейін жетті.
Айта кетейік, WTT ересектер арасындағы әлемдік рейтингінде Жания Бекмұхамбетова 808-орында тұр. Ал 13 жасқа дейінгі қыздар арасында ол әлемнің үздік он спортшысының қатарына кіріп, 8-орынға орналасқан.
WTT Youth Contender Tashkent II турнирі 19-22 шілде аралығында Өзбекстан астанасында өтуде.